Қызылордада көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Бірер ай бұрын облыс орталығындағы «Бәйтерек» шағын ауданында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 150 баспананың құрылысы басталған болатын. Оның ішінде 50 пәтер жергілікті қазынадан бөлінген қаржыға салынуда. Ал 100 баспананың құрылысы «Болат Өтемұратов» қайырымдылық қорының қаржысы есебінен жүргізілді. Сол 100 пәтер қысқа мерзімде салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгелі отыр. Сондықтан, бүгін мұнда жиналған халықтың қарасы қалың болды. Жаңа мекеннің алғашқы қоныстанушылары – көпбалалы отбасылар, олардың қуанышына ортақтасуға келген ел азаматтары, қала тұрғындары келді. Шаңырақ шаттығына бөленгелі отырғандарға өңір өнерпаздары да мерекелік көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Болат Өтемұратов» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмас Шарман қатысып, қоныстой иелерін құттықтады.
«Соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналып келе жатыр. 2013 жылы 230 мың шаршы метр баспана салынса, биылғы межеміз 800 мың шаршы метрге жетіп отыр. Төрт есеге өскен. Қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қаржылық демеушілігімен «Баламекен» жобасы аясында Қызылорда қаласында аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында және балаларды қорғау мерекесі қарсаңында 100 пәтердің құрылысы рекордтық екі ай мерзімде салынып, пайдалануға берілді. Қосымша облыстық бюджеттен 50 пәтерге қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Олар да толыққанды маусым айында іске қосылады. Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы 6 жыл ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болды. Жаңа ауданның құрылысына кірістік. Қызылорда тарихында мұндай қарқынды құрылыс болған емес. 2019 жылдың соңына қарай Қызылорданың сол жағалауында 2 628 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй салып, оған 13 мың адамды қоныстандыруды жоспарлап отырмыз. Елбасының 2018 жылдың қаңтарындағы жолдауына орай, болашақта бір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету жоспарымызда бар», – деді Қырымбек Көшербаев.
«Бәйтерек» шағын ауданында пайдалануға берілгелі отырған баспаналардың жалпы ауданы – 6 500 шаршы метр. Облыс әкімінің айтуынша, салынып жатқан 150 баспананың 149-ына көпбалалы отбасылар қоныстанады. 1-еуіне шағын халық қызмет көрсету орталығы орналаспақ. Ол көпбалалы отбасыларға және осындағы жеке үйлерге қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, аймақ басшысы алдағы жылы «Бәйтерек» шағын ауданына мектеп пен балабақша құрылысын салуды жоспарға енгізетінін айтып, тұрғындарды қуантып қойды. «Бұдан бөлек, Қызылорда облысында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 431 пәтердің құрылысына бюджеттен қаржы бөлініпті. Жылдың соңына дейін 588 пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болады», – деді облыс әкімі.
«Болат Өтемұратов» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмас Төрегелдіұлының айтуынша, мемлекет тарапынан ғана емес, бизнес өкілдері тарапынан да халықтың әлжуаз топтарына қолдау көрсетілуде. Соның бір дәлелі – «Болат Өтемұратов» қорының елдің әл-ауқатын артыру бағытында атқарып отырған жұмыстары.
«5 жыл бұрын іргесі қаланғаннан бері осы бағытта жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді. Қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов өз тарапынан көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге өз үлесін қосуды ұйғарды. Біздің қорымыз 450 миллион теңге көлемінде қаражат бөліп, Қызылорда облысы әкімдігімен бірге наурыз айында «Баламекен» жобасын іске асыруға кірісті. Бүгінде жоспарымыз табысты болғанының куәсі болып отырмыз. Сол себепті, көпбалалы аналар, балалар жайлы баспананың иесі болатынын ерекше тебіреніспен, үлкен қуанышпын айтқым келеді», – деді Алмас Шарман.
Бұдан кейін ел азаматтары көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Баспанаға бірінші кезекте қол жеткізгендер – 10, 9, 8, 7 баласы бар отбасылар. Депутаттар мен қоғам белсенділерінен құралған тәуелсіз комиссия осындай шешім қабылдапты.
Мәселен, жаңа пәтер алған Айгүл Абайдуллаева – 10 баланың анасы. Баспаналы болсам деген арманы орындалғаны сене алар емес. Тіпті көз жасына ерік берді.
«Қатты қуанып тұрмын. Шиіттей бала-шаға бар. Солардың несібесі деп білемін. Рамазан айында осындай сый нәсіп етті», – дейді ол.
Ал 7 баланың анасы Вера Жүсіпова пәтер жалдап, көшіп-қонып жүретін күндер артта қалды деп отыр.
«Жарық, су, газ, жол, телефон байланыс – бәрі бар мында. Ризамыз. Жалпы, отбасымның тұрмыс жағдайымен әкімшіліктегі адамдар таныс. Баспанаға мұқтаж екенімізді де біледі. Кеше үй береміз деп хабарласқанда қуанып кеттім. Туыстарыма айтып, сүйінші сұрап, мәз болыстық», – дейді көпбалалы ана.
7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова да қуанышында шек жоқ екенін айтады.
«Баламекен» деген жобаның арқасында көп жыл күткен пәтерімізді алдық. Енді осы жер балалар мекеніне айналады деп ойлаймын. Елбасына, облыс басшылығына осындай қамқорлық көрсетіп жатқанына алғыс айтамын», – деді Ізімкүл Тұрсанова.
Ибраш ӘЛИ
https://baq.kz«Соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналып келе жатыр. 2013 жылы 230 мың шаршы метр баспана салынса, биылғы межеміз 800 мың шаршы метрге жетіп отыр. Төрт есеге өскен. Қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қаржылық демеушілігімен «Баламекен» жобасы аясында Қызылорда қаласында аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында және балаларды қорғау мерекесі қарсаңында 100 пәтердің құрылысы рекордтық екі ай мерзімде салынып, пайдалануға берілді. Қосымша облыстық бюджеттен 50 пәтерге қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Олар да толыққанды маусым айында іске қосылады. Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы 6 жыл ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болды. Жаңа ауданның құрылысына кірістік. Қызылорда тарихында мұндай қарқынды құрылыс болған емес. 2019 жылдың соңына қарай Қызылорданың сол жағалауында 2 628 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй салып, оған 13 мың адамды қоныстандыруды жоспарлап отырмыз. Елбасының 2018 жылдың қаңтарындағы жолдауына орай, болашақта бір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету жоспарымызда бар», – деді Қырымбек Көшербаев.