Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Президенті «Қазфосфат» зауытына барды

Қазақстан Президенті «Қазфосфат» зауытына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Халықаралық «Әулие-Ата» әуежайынан Президентті облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен қала әкімі Қайрат Досаев күтіп алды. Президент Жамбыл облысына жасаған алғашқы жұмыс сапарын облыстың өндірістік әлеуетімен танысумен бастады. «Қазфосфат» зауыты – Қазақстанда ғана емес, тұтас Орталық Азияда минералды тыңайытқыштар өндіретін бірегей зауыт. Мұнда жылына 500 мың тонна минералды тыңайытқыштар шығарылады. Отандық өнімге деген сұраныс жоғары. Кәсіпорын басшылығы биыл 20 мың тонна аммофосты алыс Аргентинаға жіберген. Мемлекет басшысына жаңа технологияның мүмкіндіктері таныстырылды. Төлепбек Исаев, зауыт бөлімшесінің директоры: –Бұның Қазақстан бойынша құндылығы фосфорлық конденсаттар шығарылады. Кезінде біз жылына 120-130 мың тонна шығаратын болсақ, былтыр үлкен реконструкциядан кейін өнімділігін 500 мың тоннаға дейін жеткізіп отырмыз. Сұраныс өте көп. Биыл 20 мың тоннадай амокосты Аргентинаға жібердік. Сондай-ақ Жамбыл облысына жасаған сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың үйіне барды. 2011 жылдың 12 қарашасында лаңкестерге қарсы тұрып, қаза тапқан полиция капитаны, жол полициясының арнайы взвод командирі Ғазиз Байтасовтың жарымен және екі ұлымен кездескен президент, ел үшін қылған ерліктің ешқашан ұмтылмайтынын айтты. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Көне Тараз» археологиялық саябағына барды. 2011 жылы ашылған туристік нысанға былтыр 145 мың турист келген. Мұнда үздіксіз жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары қаланың мыңжылдық тарихы барын дәлелдеді. Осы уақыт аралығында археологтар VI-XII ғасырларға жататын шамамен 50 мыңдай артефакт тапты, оның ішінде мешіт, медресе, зындан мен тұрғын үйлердің іргетастары бар. Ал осы сағаттарда Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесіп жатыр.
https://24.kz
03 маусым 2019 ж. 1 086 0