МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Алдымен мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік әнұран шырқалды. Аудан әкімі М.Оразбаев жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап,
-«Мемлекеттiк рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі саналады. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі! Ал, әр азаматтың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі – өз-өзіне көрсеткен құрметінің, болашағына деген сенімінің, өлшеусіз мақтаныш сезімінің көрінісі»- деп, ыстық лебізін білдірді.
Салтанатты шара барысында елеулі еңбектерімен, іскерлік танытып жүрген сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттымен марапатталды. Сондай-ақ, шара аясында Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Нұрекешов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Реймов мемлекеттік қызыметшінің алғашқы антын қабылдады.
