Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкарал бөгеті қайта қалпына келтіріледі

Көкарал бөгеті қайта қалпына келтіріледі

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Көкарал бөгетінде болып, САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Арал балық өңдеу зауытына барып, нәпақасын теңізден тапқан шаруалармен кездесті. 
2005 жылы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші кезеңінің нәтижесінде Көкарал бөгеті салынған болатын. Нәтижесінде, Кіші Арал кемеліне келіп, теңізде тіршілік жанданды, балық қоры молайды. Ал қазіргі күні осы бөгет  сыр беріп, жырылып кету алдында. Мамандар сондықтан Көкарал бөгетін тез арада қалпына келтірмесе, жиналған мол су мен балық ұлы теңізге кетіп, қырылып қалады,- дейді.
Болат Арыстанбаев  - «Қазсушар» РМК ҚОФ директоры
Көкаралдың ахуалын көзбен көрген министр бұл проблема Президенттің жіті назарында екендігін айтты. Сондықтан  бөгетті сақтауға және  Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінген. Министр сондай-ақ Арал балық өңдеу зауытында болып,  жұмысшылармен кездесті. 
Әкімжан Жолтаев-тілші: Арал балық өңдеу зауытында жылына алты мың тонна балық өңделеді. Теңізді өлкенің брэндіне бүгінде сұраныс жоғары. Жергілікті зауытта өңделген су маржаны Ресей, Қытай, Польша, Голландия, Германия, Дания, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан сияқты мемлекеттерге экспортталуда
Ауданда балық аулау көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 20 есеге артқан. Бүгінде айдынды өлкеде жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын сегіз зауыт жұмыс істейді. Оның төртеуінің «Еврокод» белгісі бар.   
Гүлмира Орынбасарқызы – зауыт директоры
Зауытта қазір алпысқа жуық адам еңбек етуде. Балық аулау маусымында жұмысшылардың саны екі есеге дейін көбейеді. Адал еңбегімен нәпақасын тауып отырғандардың бірі Марал Бейсенәлиева. Жиырма бес жылға жуық тәжірибесі бар білікті маман өзінің бар білгенін ізінен ерген жастарға үйретіп келеді.
Марал Бейсенәлиева-зауыт жұмысшысы
Арал балық өңдеу зауытында көксеркенің жон етінен басқа тыран, торта секілді балық түрлері де өңделіп, алыс жақын шетелдерге жіберілуде. Жалпы, аудан бойынша жыл басынан бері 1054 тонна балық өнімі  экспортталған.
Әкімжан Жолтаев
04 маусым 2019 ж. 1 432 0