Елорда әкімдігі "Экология және жасыл экономика көшбасшысы" байқауында жеңімпаз атанды

2019 жылғы 27 мамырдағы Конкурсттық комиссия отырысының № 2 хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "Экология және жасыл экономика көшбасшысы" ұлттық конкурстың "Эко-Акимат" номинациясында жеңімпаз болып атанды.Бүгін 2019 жылғы 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімінде "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Президиум төрайымы Әлия Назарбаева "Эко-Акимат" номинациясында конкурс жеңімпазының статуэткасы мен дипломын табыстады.
https://kaz.tengrinews.kz