Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Америкалық инвесторлар Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниетті

Америкалық инвесторлар Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниетті

Американың инвесторлары Қазақстанмен әріптестік орнатуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Аризонадан ат терлетіп келгендер тау-кен өнеркәсібі, аэроғарыш, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларында қарым-қатынасты кеңейтіп, мықтай түспек. Шетелдік делегацияны бастап келген Өкілдер палатасының төрағасы Рассел Бауэрстің айтуынша, екі ел арасындағы сауда-саттық 90 жылдары қарқын алған, бірақ уақыт өте келе алыс-беріс, барыс-келіс біраз бәсеңдеген. Енді кәсіпкерлер екі мемлекет арасындағы сол байланысты қалпына келтіруге үмітті. Рассел Бауэрс, Аризона штаты өкілдер палатасының спикері: – Біз сан салада үздік технологиялар енгізуді ұсынамыз. Әсіресе, ауыл шаруашылығында біздің тың инновацияларды қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Өйткені екі елдің климаты бірдей. Ал білім беру саласында біз қазақстандық жобаларды қаржыландыруға дайынбыз.
https://24.kz/kz
06 маусым 2019 ж. 521 0