Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кәсіпкерлік мақсатқа арналған мемлекеттік грантқа конкурс басталды

Қызылордада кәсіпкерлік мақсатқа арналған мемлекеттік грантқа конкурс басталды

Конкурсты ұйымдастырушы:«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 12, «Кәсіпкерлер үйі» 10-қабат;
Пошталық мекен-жайы: 120000;
Электрондық пошта мекенжайы: Qyzylordagrant@gmail.com;
байланыс телефоны: 8 (7242) 40-10-59, 70-54-87;
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 12, «Кәсіпкерлер үйі» 1-қабат;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «10» маусымнан бастап 2019 ж. «21» маусым аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «10» маусым сағат 10.00 (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «21» маусым сағат 17.00 (жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.
ЕСКЕРТПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылығы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 39-9-тармағы сәйкес конкурстық комиссияның қарауына (20 күн). шығаратын кәсіпкерлер өтінімдерінің саны күніне 10 өтінімнен аспауға тиіс.
https://kyzylorda-news.kz
07 маусым 2019 ж. 808 0