"Ұлы даланың Түркістаны" фотоэкспедициясы басталды
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай "Ұлы даланың Түркістаны" атты республикалық фотоэкспедиция басталды. Мақсаты – "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау.
Аталған фотоэкспедиция Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауымен өтіп отыр. Республикалық деңгейдегі экспедицияға "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы бастаған фототілшілер қатысты. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және Түркістан облысынан 15 кәсіби фототілшілер шақырылған. Олардың арасында Балмұрат Орынбай, Оңғарбек Алхаров, Мерей Қайнарұлы, Айтжан Мурзанов, Қайрат Шалтақбаев және өзге де танымал фотографтар бар.
Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, білікті фотографтар Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Бір аптаға созылған экспедицияда түсірілген туындылар 17 маусымда Түркістан қаласында өтетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты сурет көрмесінде ел назарына ұсынылады.
baq.kzТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, білікті фотографтар Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Бір аптаға созылған экспедицияда түсірілген туындылар 17 маусымда Түркістан қаласында өтетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты сурет көрмесінде ел назарына ұсынылады.