Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік дәрігерлерге «Алтын шипагер» медициналық сыйлығы табысталды

Үздік дәрігерлерге «Алтын шипагер» медициналық сыйлығы табысталды

Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында Жастар жылы және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар энергиясы – елордалық денсаулық ісінің сенімді болашағы» атты медициналық қызметкер күніне арналған ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты оқиғасы екінші жыл сайынғы «ALTYN SHIPAGER» медициналық сыйлығын табыстау рәсімі болды.

Бұл сыйлық медициналық қоғамның рухын көтеру және ақ халатты абзал жандарға жасап жатқан қызметтеріне үлкен көңіл аудару мақсатында құрылған.
Сыйлық лауреаттарын өткізу дәстүрге айналғанын атап өту керек. Аталмыш медициналық сыйлықты тапсыру дәстүрі өткен жылдан бастау алған.
Бүгін үздік деген дәрігерлерге құрмет көрсетіліп, оларға медальдар, грамоталар және ақшалай сертификаттар тапсырылды. Сыйлықты тапсыру медициналық салада қоғамдық сананы жаңғырту, жас әрі келешегі зор дәрігерлерді қолдау бойынша міндеттерді іске асыруға бағытталған.
Салтанатты рәсім ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртановтың құттықтау сөзі мен бірінші номинацияны табыстаудан басталды. Министр «Ең үздік жас учаскелік дәрігер» номинациясында жеңіп алған жеңімпаз – «Ниет» отбасылық денсаулық сақтау орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Салтанат Такееваны жеке құттықтап, «Алтын шипагер» мүсіншесі мпен 1 млн теңге қаржылай сертификатын табыстады. Сондай -ақ, Елжан Амантайұлы ведомстволық грамоталарды, медальдар мен мемлекеттік ордендерді тапсырды.
Келесі құттықтау сөзі Нұр-Сұлтан қаласының әкім орынбасары Ерлан Каналимовқа берілді.
«Бүгін елордалық денсаулық сақтау алдында күрделі қажетті міндеттер тұр. Денсаулық сақтаудың тиімділігін арттыру, қазіргі заманғы технологиялар мен практиканы енгізу, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіру, білікті кадрларды дайындауға баса назар аудару қажет», - деп атап өтті Ерлан Каналимов.
Сондай-ақ әкім орынбасары «Пациентке бағытталуы бойынша ең үздік медициналық ұйым» атты екінші номинацияның жүлдегері - Қалалық №10 емхананы құттықтады.
Салтанатты іс-шара барысында көрермендердің назарына бейне-роликтер ұсынылды, онда пациенттер игілікті мамандық адамдарына шын алғысын білдіріп жатқан кадрлар көзге түсті.
11 номинация құрамында беделді номинацияның бірі - «Қамқор» номинациясымен «Доктор рекомендует» бағдарламасының авторы, тележүргізушісі Айнұр Тажина BI Жұлдызай қоғамдық қорын марапаттады.
«Денсаулық сақтаудың тиімді менеджері» номинациясының сыйлығын Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Қалалық жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері Мұратов Тимур Мұратұлына салтанатты түрде тапсырып, құттықтады.
Перинаталды №2 орталығының медбикесі Амирова Менсұлу «Ең үздік орта медициналық қызметкер» номинациясының жеңімпазы болды.
Комиссия шешімі бойынша Қалалық №2 балалар ауруханасы «Хабар» агенттігінің атынан арнайы «Телеарнаның арнайы сыйлығы» номинациясына ие болды.Номинацияны табыстаған белгілі тележүргізуші, журналист Мая Бекбаева.
«Бірегей операция жүргізгені үшін» номинациясында жеңіп алған Қалалық №2 балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Жайылғанов Азамат болды.
«БАҚ-та үздік жариялау» номинаясының жүлдегері «Астана ақшамы» газетінің тілшісі, елордалық денсаулық сақтау саласы жайлы үнемі жазып жүрген Айгүл Уайсова болды.
«Диагностика мен емдеудің жаңа әдісін енгізгені үшін» сыйлығымен Қалалық №1 ауруханасының ортохирургия және эндопротез бөлімінің меңгерушісі Ботаев Руслан марапатталды.
«Жедел жәрдемнің үздік бригадасы» номинациясындағы наградаға жедел медициналық жәрдем қызметінің анағұрлым тәжірибелі бригадаларының бірі Қалалық жедел-жәрдем станциясының «Сарыарқа» подстанциясының №1 бригадасы лайық болды.
Цифрландыру қазіргі өміріміздің барлық саласына енгізіліп жатыр, осы орайда денсаулық сақтау да қалыс қалған жоқ. «Цифрландырудың көшбасшысы» атты сыйлықтың иесі Қалалық №7 емхана аттанды.
Аталған іс-шара ауқымды шоу форматында, Ағайынды Жүгінісовтер, Di-art-style тобы, Дастан Оразбеков, Gentlemeen тобы және т.б. секілді, отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған концерттік бағдарламамен өтті. Іс-шараның жүргізушілері белгілі тележүргізуші, журналист әрі дизайнер Динара Сәтжан және жүргізуші шоумен Арман Момынов болды.
Аталмыш салтанатты жиын Нұр-Сұлтарн қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен қалалық әкімдіктің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілді.
https://baq.kz
13 маусым 2019 ж. 676 0