Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғарғы биліктегі тағы бір әйел: Анар Жайылғанова деген кім

Жоғарғы биліктегі тағы бір әйел: Анар Жайылғанова деген кім

Анар Нұралықызы Жайылғанова - қоғам қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты. Жуырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып тағайындалды

1969 жылдың 10 шілдесінде Семей қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Семей облысы, Шарын ауданына қарасты Белтерек ауылында орта мектепті бітіріп, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенті атанған. 1991 жылы жоғарғы оқу орынын үздік бітіреді.
Алғашқы еңбек жолын Қазақстан Республикасының ғылым академиясының философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. 1992 жылдан бастап ұлттық ғылым академиясының аспирантурасында сырттай білім алады.
2003 жылы банк ісі қаржы және несие факультетінің салық мамандығы бойынша жоғарғы мектебін бітірген. Ал 2002 жылы "Қазақстан Републикасындағы сот істерін қамтамассыз етуді құқықтық негізде ұйымдастыру" тақырыбында диссертация қорғаған.
1994-97 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының аға кеңесшісі, артынша 1999 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының соты қызметін атқарған. Сонымен қатар, ҚР әділет министрлігінің сот істерін ұйымдастыру департаментінің басшысының орынбасары, талдау басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
1999-2000 жылдар аралығында ҚР президент әкімшілігінің мемлекеттік құқықтық бөлімнің сарапшысы, 2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының кеңесшісі, 2008 жылға дейін ҚР жоғарғы сотының соты лауазымдарын алып жүрген. Артынша 2008-2016 жылдары конституциялық кеңес мүшесі ретінде қызмет атқарған.
Қазіргі таңда заңгерлердің ағылшын-қазақ ассоциациясының, ҚР президенті жанындағы адам құқығын қорғау, кешірім беру комиссияларының мүшелерінің қатарына кірген. 
Егемендік алған жылдары маман ретінде елдің ата заңына үлес қосқан. Жаңа мемлекет орнатуға қол ұшын берген. Қазіргі таңда Анар Жайылғанова қазақстанның ең үздік 50 әйелінің қатарына кірген.
Сонымен қатар, депутат "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің біркелкі болғанына қарсылық білдіріп, бұлай бола берсе, қалаларды ажырата алмай қалатынынымыз туралы наразылығын жеткізген. Оған қоса, республикалық Назарбаев оқуларын өткізуді қолдаған адамдардың бірі.
Саясаткердің өміріне тоқталар болсақ, таңы кәдуілгі адамдардай басталады. Ерте тұрысымен ол 2-3 шақырым жаяу серуендейді. Класиискалық бағыттағы кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Дихан Әбілов, Қабдеш Жұмаділовтің туындыларын жанына жақын тұтады.
http://stan.kz
14 маусым 2019 ж. 1 125 0