Көшербаев: Халық мәселесін шешуде салғырт қарайтын шенеуніктер қызметінен кетеді
"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қырымбек Көшербаев халықтың қойған сұрақтарының мұқият қаралуын және орындалуын қадағалауды тапсырды.
"Мен жергілікті атқарушы органдар тарапына келіп түскен шағымдар мен өтініштерді мұқият қарастыруды және олардың орындалуын, проблемаларын шешуді қатаң қадағалауды, сондай-ақ тоқсан сайын келіп түскен өтініштердің орындалуын талдауды, нәтижелер туралы есеп беруді тапсырамын", - деді әкім.
Өңір басшысы сондай-ақ шенеуніктердің көпсөзді жауаптары үшін жауапқа тартылатынын атап өтті.
"Әсіресе, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен лауазымды тұлғалар азаматтардың өтінішімен айналысуда салғыртты танытатын болса, тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын атап өткім келеді. Қажет болған жағдайда партиядан шығарылып, жұмыстан босатылады", - деді ол.
http://stan.kz