Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «магнит адам» тұрады

Қызылордада «магнит адам» тұрады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында денесіне темір жабысатын адам тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерекше қабілетті Нартай Тұрсанов осылайша жерлестерін таңғалдырып отыр.  Оның мұндай қасиетін білетін адамдар әлдеқашан «магнит адам» адам атап кеткен. Расында, кез-келген адамға темір жабыса бермейтіні белгілі.
Басында өзі де денсаулығымда ешқандай кінәрат жоқ па екен деген оймен дәрігерлер тексеруінен өткен көрінеді. Дәрігерлер тексеруден кейін бұлай алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартыпты.
Кейіпкердің өзі де денсаулығын үнемі бақылауда ұстайтынын көлденең тартады. Қан қысымымда ауытқу жоқ дейді. Ол денесіне қарапайым қасық, шанышқы секілді дүниелермен қатар балта, балға секілді ауыр заттарды да жапсырып ала береді.
«Мен бұл қасиетті 20 жыл бұрын кездейсоқ байқайдым. Рас, алғашқыда сенбестік болды. Тіпті, дәрігерлерге де қаралып көргенмін. Олар денсаулығымда ешқандай ақау жоқ екенін айтып көңілімді демдеді. Сосын бойымдағы тылсым қасиетімді алғашқыда әбден тексеріп алуға көңіл бөлдім. Кейбір ауру түрлеріне емшілік жасауға да назар аудара бастадым. Оның сыры бойымдағы магниттік қасиеттің ерекшелігінен деп санаймын», - дейді Н.Тұрсанов.
Нартайдың айтуынша,  әкесі  Махамбетқали Тұрсанов  - елге белгілі адам. Ол кезінде қазақтың айтыс өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған. Бабаларының бірі - Биікбай батыр, әруақты кісі болған деседі. Сол ерекше қасиет ұрпағы - Нартайға жұғысты болған-мыс. Әділет Қаңтарбаев
04 наурыз 2018 ж. 1 239 0