Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жедел жәрдем" сиренасының дыбысы бәсеңдетіле ме? Министр жауап берді

"Жедел жәрдем" сиренасының дыбысы бәсеңдетіле ме? Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың халықпен кездесуінде елорда тұрғыны ведомство басшысынан түнгі уақытта "жедел жәрдем" сиренасының дыбысын бәсеңдетуді сұрады,

Қала тұрғыны түнгі уақытта "жедел жәрдем" сиренасының дабылынан оянып, ұзақ уақыт ұйықтай алмайтынын айтты. 
Денсаулық сақтау министрі қала тұрғынына берген жауабында алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін қарайтынын айтып, бұл мәселемен жұмыс істеуге уәде берді.
"Біз сіздің ескертулеріңізді ескереміз. Осы стандартқа байланысты тағы да ойланамыз", - деді ол.
Бірақ оның айтуынша, сирена көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің сол уақытта дәрігерлердің біреудің өмірін құтқарып жатқанын және жедел жәрдем машинасын өткізіп жіберуін түсінуі үшін енгізілген. Сондықтан сол уақытта таразының екі басында өлім мен өмір мәселесі тұрған шұғыл жағдай орын алады.
"Бұл мәселе өте маңызды. Шын мәнінде, біз сиренаға жарқыраған маяктарды қашан қойып, қосу керек екені жөнінде стандартты талаптарды бекіттік. Біз күндізгі уақытта сирена дыбысының одан да қатты болғанын қаладық. Бірақ түнгі уақыт сөз болғанда, ауладан шыққан кезде, ауруханаға жақындағанда сиренаны өшіру талабы бар. Алайда кейде  қиын жағдай кезінде мамандар сиренаны өшіруді ұмытып кетуі мүмкін", - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Біртанов өңірдегі кадр тапшылығы туралы айтқан болатын.
19 маусым 2019 ж. 929 0