Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел жәрдем – жанға дәрмен

Жедел жәрдем – жанға дәрмен


Ең бірінші байлық –денсаулық. Ол–  бақытты, толымды өмірдің кепілі және негізгі шарты. Дәрігерлік жұмыс та  көптеген салаға бөлінеді, солардың ішінде елмен етене араласып, халыққа алғаш боп көмеккөрсететін жедел жәрдем қызметі. Осы орайда біз де аталған саланың қызу тірлігі жайлы Арал аудандық жедел жәрдем бөлімшесінің меңгерушісі Зәмзагүл Ұйқасовамен сұхбат жүргізген едік.
– Жедел жәрдем бөлім­ше­сінің  қызметі туралы  қысқаша айтып берсеңіз...
– Жедел  жәрдем – бұл науқас адаммен ең бі­рінші болып бетпе-бет кездесу, алғашқы  шұғыл көмек көрсету. Ең бірінші науқас адам жедел жәрдемге қоңырау шалады. Бірінші науқастың жағдайын, ол ауыр жағдайда ма, жеңіл жағдайда ма анықтайтын, диагноз қоятын да–біздер. Сол диагнозбен ауруханаға жеткізгенге  дейін көмек көрсету–міндетіміз, нау­қас­тың шағымымен, сыртқы бақылауымызбен: қалай отыр, өзін қалай сезінуде және де қан қысымын тексеру арқылы диагноз қойып анық­таймыз.
– Сіздің ойыңызша жедел жәрдемде жұмыс істейтінқызметкерлердің бойында қандай қа­сиет болуы тиіс?
– Ең алдымен, жедел жәрдем дәрігері, қыз­мет­кері батыл  болуы керек. Сондай-ақ, ол адам­дарға жанашырлық танытуы тиіс. Білім ке­рек болуы мүмкін дағдылар да пайда бола­ды, қалыптасады, бірақ жанашырлық, мейірім­ді­лікқасиеттерінсіз ештеңе шықпайды. Және де жедел жәрдем қызметкерлерінде міндет­ті түр­де жылдамдық, ұйымшылдық, аса жауап­кер­ші­лік болуы тиіс.
– Қазіргі таңда жедел жәрдем  бөлім­ше­сін­де қанша  адам қызмет жасауда?
– Жедел жәрдем  бөлімшесінде 55 қызметкер еңбек етуде. Және де №40, №41, №42 нөмірлі жедел жәрдем көлігі жұмыс жасауда. Сонымен бірге Қызылорда, Алматы секілді  қа­лаларда кардиологиялық, педиатрлық, жалпы бригадалар болып бөлінеді. Яғни, науқастың шағымына  байланысты. Мысалы, инфаркт, жүрегі қысылып тұр деп шақырады. Міне, сол кезде үлкен қалаларда кардиологиялық  бригада жібереді. Ал біздерде қандай  қоңырау болсын, жалпы мамандандырылған бригада жіберіледі. Ол бала педиатры, акушер-гинеколог та, жалпы бригада да болуы мүмкін.
– Жедел жәрдем тек өзіміздің қаламыздың ішінде қызмет жасай ма, я болмаса ауылдық жерге де қатынап, көмек көрсетіле ме? Қайауысымда, қай мезгілде  қоңырау көп түседі?
– Көбіне  түнгі мезгілде шақырту көп болады. Же­дел жәрдем көліктерінің бір-бірін көрмейтін уақыт­тар да бар. Ауылдық жерлерге де қаты­най­мыз. Мысалы, Жақсықылышқа дейін барамыз, Сексеуілде тасымалдайтын науқас болса, екі ор­таға яғни айрыққа дейін алып келеді, әрі қа­рай біздер көмек көрсетіп, өзіміз ауруханаға жеткіземіз. 
– Қызметкерлеріңіздің біліктілік  арттыру оқуы­на қатысуы, қоғамдық іс-шараларға қа­тысуы қалай?
– Жедел жәрдем бөлімшесінің қызметкерлері арасындаөнерлі азаматтар бар, олар өздерінің жұмыс­тарынан да   бөлек, қоғамдық іс-шараларға атсалысып, белсенділік танытып тұрады. Көптеген жарысқа қатысып, бөлімшеміздің атын шығарып, жеңіс сыйлаған кездері аз емес. Өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқуға барып, сырттан жергілікті жерге келіп оқытатын оқуларға қатысып, өздерінің білімдерін шыңдап, тәжірибе жинақтап, заман талабына сай  жаңалықтарды меңгеріп тұрады.
– Жалпы, жұмыстың, қызмет көр­сетудің нәтижесібасқа аудандарға қарағанда қай деңгейде?
– Жыл аяғындағы қорытынды есеп бойынша қалағақарайтын 9 ауданның ішінде жақсы нәтиже көрсеттік.Яғни, уақытында кө­мек­ке баруымыз, жабдығымыз, дәрі-дәрмектеріміз, жалпы қызмет көрсету жағы жоғарғы деңгейде десек болады.
* * *
Сұхбат барысында жедел жәрдем бөлімшесінеәдеттегідей қоңырау шалынды. Диспетчер қо­ңы­рауға жауап беріп, керекті мәліметті жылдам алып, жедел жәрдем көлігін көмек сұрап шақырған нау­қасқа жіберді. Жедел жәрдеммен мен де бірге барып,сырттай бақылау жасадым. Қажеттімекенжайға 5 минутта жетті. Науқас үлкен жастағы қарт әжеміз екен, өзінің   жағдайын айтып түсіндірді. Науқасқа суық тиген, температурасын тексеріп, алғашқы көмек көрсетіліп, керекті дәрі- дәрмектерін жазып берді.
 Зәмзагүл Толыбайқызынан  сұхбат барысында алған мәліметтерім жедел жәрдеммен  еріп жүр­ген кезімде көз алдымнан өтті. Уақытпен санас­пай, науқастыңкөңілінен шығып жүрген абзал жандардың еңбегі шынымен де өлшеусіз.
Асылгүл Жұмағұлова,
“Тұран“ университетінің 2-
курс студенті
18 маусым 2019 ж. 1 468 0