Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жұмыс істейтін жастарға берілетін пәтер саны қанша? Абаев айтты

Биыл жұмыс істейтін жастарға берілетін пәтер саны қанша? Абаев айтты

Биыл Жастар жылы аясында еліміздің үш миллионер қаласында жұмыс істейтін жастарға мыңға жуық пәтер беріледі. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді

«Ұлт көшбасшысы – Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Осы жыл аясында 89 жобаны іске асыру қарастырылған. Бір жобаны мысалға алсақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе жұмыс істейтін жастар үшін миллион тұрғыны бар ірі қалаларда мыңға жуық пәтер беріледі.
Білім және еңбек министрліктерімен бірлесе «Жастар – ел тірегі» жобасы аясында «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» екі ірі жоба іске асырылуда. Бұл жобалар бойынша Қазақстанның миллионға жуық жас азаматы қандай да бір дәрежеде біліктілігін арттырып, жеке бизнесін ашу үшін шағын несие алу мүмкіндігіне ие болады», - деді Абаев.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі аталған бағдарлама үш жыл ішінде жүзеге асырылатынын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Дәурен Абаев шеруге шыққан көпбалалы аналардың бәріне 
пәтер беру мүмкін еместігін айтқан болатын.
http://stan.kz
20 маусым 2019 ж. 826 0