Толқын » Жаңалықтар » Тоқаев гранатаның жарылуынан сарбазды қорғап қалған полковникке орден уәде етті
Тоқаев гранатаның жарылуынан сарбазды қорғап қалған полковникке орден уәде етті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев гранатаның жарылуынан сарбазды қорғап қалған полковникке орден беруді уәде етті.
Тоқаев полковник Сергей Смицкихтің ерлігін атады. Оның орденге лайық екенін айтты. Бұл туралы Twitter парақшасында жазды. "ҰҰК шекара қызметінің полковникгі Сергей Смицких ерлік жасады. Ол Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде сарбазды гранатаның жарылысынан аман алып қалды. Өзі жарақат алды. Ол орденмен марапатталады", - дейді Тоқаев. Айта кетейік, Сергей Викторұлы тәрбие жұмыс жөніндегі әскери бөлімн командирінің орынбасары. Оқыс оқиға жаттығу кезінде болды. Сарбаздың бірі не істерін білмей сасқалақтап қалып, гранатаның мұрындығын жұлғаннан кейін оны жертасаға құлатып алған. Мұны көрген полковник гранатаны алып қауіпсіз жерге лақтырды. Жас сарбазды денесімен қорғап қалды.