Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басшыға қоятын сауал емес: Досаев WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламалар туралы

Басшыға қоятын сауал емес: Досаев WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламалар туралы

ҚР ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев парламент сенатының жалпы отырысынан кейін кулуарда латын әріптерімен жаңа ақшалар басып шығару туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді,

"Ешқандай алғышарттар жоқ, ештеңе жоқ. Монеталар бізде латын қарпінде, олар айналымға еніп қойды. Біз басып шығардық. Сондықтан жаңа ақша туралы айтқан кезде, объективті болуды сұраймын. Ал WhatsApp және басқа мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде жүрген хабарламаларды соларды оқу қызық деп санайтындарға қалдырамыз. Ұлттық банк басшысына қоятын сауал емес", - деді Досаев кулуарда.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ұлттық банк төрағасының қызметкерлер жалақысының қанша екенін айтқаны туралы хабарлаған едік.

https://stan.kz 

24 маусым 2019 ж. 461 0