Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нығматулин парламенттік форумды ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізді

Нығматулин парламенттік форумды ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізді

Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Парламент Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламенттік форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады. 
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, форумға халықаралық Парламент өкілдерінің қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері парламенттік форумға дайындық мәселелерін, оның ішінде шетел парламенттері делегацияларының қатысуын растау мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда форумға 51 елдің делегациясының қатысуы расталған. Сондай-ақ, 16-ға жуық халықаралық ұйымдардың қатысуы күтілуде.
https://baq.kz
24 маусым 2019 ж. 640 0