Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру үшін шаралар қабылданады – қаржы министрі

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру үшін шаралар қабылданады – қаржы министрі

Биыл «Бизнестің жол картасы  2025» мемлекеттік бағдарламасы дайындалады. Оның шеңберінде бизнесті жаңа форматта қолдау жалғасады. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Әлихан Смаилов Үкімет отырсында айтты.

Жиын барысында министр мемлекет басшысының іс-қимыл жоспарында іске асырылуы тиіс бірқатар міндеттерді белгіленгенін айтып, соларға тоқталып өтті.
«Бірінші кезекте олар өмір сүру сапасын жақсартуға және халықтың табысын арттыруға бағытталды. Іс-қимыл жоспарының шаралары 2050 стратегиясының, бес функционалдық реформаның, Қазақстанның үшінші жаңғыруының саяси бағытын толық қамтиды. Тиімді мемлекеттік басқару бойынша мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және бюджет қаражатын пайдалануға жауапкершілігі мен есеп берушілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол бюджетттік жоспарлауды жетілдіруге тиімсіз емес шығыстырды болдырмауға бағытталған шаралар кешені әзірленгенін айтты.
«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және бизнес ахуалды жақсарту жөнінде шаралар қабылданады. Бизнеске қолдау көрсететін шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында, осы жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша талдау жүргізіледі. Нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелері ескерілген тиімді тәсілдері әзірленеді. Биылғы жылы «Бизнестің жолкартасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы дайындалады. Оның шеңберінде бизнесті жаңа форматта қолдау жалғасады. Заңнамаға жаңа нормалар күші енуінің өтпелі кезеңі және адалдық қағидаттары енгізіледі. Негізгі тауар нарығындағы жағдайға талдау жүргізіліп, бәсекелестік үшін кедергілерді жою және монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу үшін арнайы жол картасы әзірленеді», - деді министр. 
Сөз арасында ол экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін қолдана отырып оңалту және банкроттық туралы заңды жаңа редакцияда қабылдау мәселесін пысықтап жатқандарын жеткізді. 
«Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында банкроттық және оңалту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулердің үлкен блогы әзірленді. Салық түрлерін онтайландыруды жүзеге асыру және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру қажет. Салық кредиттерін беру тетігі әзірленеді», - деді Ә. Смаилов. 
Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алуды және квази мемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша заңнаманы және құқықтық практикасын жетілдіру бойынша шаралар қабылданған. 
«Тиімді қаржы жүйесі бойынша Ұлттық қордан берілетін трансверттерді пайдалануды шектеу және бюджеттің шикізат секторына тәуелділік мәселесі пысықталады. Қор нарығын дамыту және ұлттық компаниялардың IPO-сын өткізу жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасайды және халықтың әл-ауқатын жақсартады», - деді ол.
https://baq.kz
25 маусым 2019 ж. 712 0