Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Бас прокуратура Арыс қаласында қолайсыз экологиялық жағдай және жарылыстардың қайталануынан қорыққан 350 тұрғын із-түзсіз жоғалды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қазіргі кезде бұл фактілер тексерілуде.
Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысында жерді басқа мемлекеттердің азаматтарына сату туралы ақпараттың алған екенін жариялады.
Бас прокуратура қазақстандықтарды заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырады. Ақпаратты мемлекеттік органдардан сұрауға құқылы екенін айтты. Мемлекеттік органдағылар тыйым салынбаған ақпаратқа жауап беруге міндетті. 
Жалған, экстремистік және басқа да заңсыз ақпаратты таратуға тыйым салынады. Оның таралуы мемлекет, қоғам және азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін.
Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіретін қауіп-қатерді тудыратын әрбір осындай факт бойынша қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген", - деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдаланған жағдайда жауапкершілік күшейеді. Ал қоғамдық тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты зорлық-зомбылықты қоздыруға шақырғандар қылмыстық кодекстің 272-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

https://stan.kz 

03 шілде 2019 ж. 522 0