Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КРЕДИТТІҢ КОМИССИЯСЫН ӨНДІРІП АЛУҒА БОЛАДЫ

КРЕДИТТІҢ КОМИССИЯСЫН ӨНДІРІП АЛУҒА БОЛАДЫ

Аймағанбетов жабылған кредиттердің комиссияларын өндіріп алу болатынын айтты. «ҚР Азаматтық кодексінің 386-бабы, 4-бөліміне қарасақ, келісімшарт уақыты біткеніменен сол келісімшарттағы заңсыз әрекеттер болса, жауапкершілік тоқтатылмайды. Ал арыздану уақыты келісімшарттың аяқталуымен басталады делінген. Бұл туралы кодекстің 380-бабы, 2-бөлімінде айтылған. Бұл дегеніміз, келісімшарт бойынша кредит жабылса да, азаматтық заңнамаға сәйкес, үш жылдың ішінде жауапкершілік сақталады, яғни, қай жаққа шығын келді, сол сотқа шағым түсіре алады. Азаматтық кодекстің 178-бабы, 1-бөлімінде арыздану уақыты үш жыл деп белгіленген», – деді Ерболат Аймағанбетов. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының азаматтары немесе олардың заңды өкілдері кодекстің аталған нормаларына сүйеніп, аудандық сотқа талап-арыз түсіре алады. Осы уақытқа дейін адамдардың көпшілігі сот арқылы жабылған несиелердің комиссияларын қайтарып алды. Атап айтқанда, аудандық соттар кредит пен займдарға қызмет көрсеткені үшін банктердің алған комиссиялары бойынша халыққа 9 миллиард теңгені қайтарып берген.
«Айқын» ақпарат

10 сәуір 2019 ж. 3 683 0