Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі желіге таралып кеткеніне қатысты пікір білдірді

Министр 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі желіге таралып кеткеніне қатысты пікір білдірді

Өткен аптада ЦАРКА қызметкерлері желіде 11 млн адамның жеке мәліметтері таралып кеткенін анықтады. Кез келген қолданушының жеке мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндігі болған.

"Базадағы мәліметтер жаңа және жарты жыл бұрын өзектендірілген. Ақпараттың қанша уақыт бойы бәріне қолжетімді болғаны белгісіз. Алайда барлығы Google, Yandex секілді іздеу жүйелерінде индекстеуден өткен. Ақпараттың қалай тарап кеткені анықталып жатыр", — деп жазылған ЦАРКА хабарламасында. 
Қазір база кез келген адам кіре алмайтындай жабылды. Мәліметтер сәйкесінше тиісті органдарға жіберілді. 
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев осы жайтқа қатысты өзінің Facebook желісіндегі парақшасында пікір білдірді. 
"Мәселенің себебі мен көзін анықтауды табыстадым. Құқық қорғау органдары іске кірісіп кетті. Технологиялардың дамуына байланысты жеке мәліметтерді қорғау сұрағы әлемдік қоғамдастықта өзекті. Көптеген коммерциялық және мемлекеттік ақпараттық жүйелер бұзылып жатыр. Сондықтан біз Комитетті жеке мәліметтерді қорғауға байланысты функциялармен қамтамасыз етуді қолға алдық. Ол ақпараттық жүйелердің иесін, сонымен қатар, азаматтардың шағымын тексеруден өткізеді", — дейді Асқар Жұмағалиев.

https://stan.kz 

05 шілде 2019 ж. 563 0