Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста 181 үй толық жөндеуден өтті

Арыста 181 үй толық жөндеуден өтті

Арыс қаласын жарылғыш заттардан түгелдей тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. "Шаһар тұрғандарына айта кетерлігі, қауіпті деп танылған заттарды байқаған жағдайда 102,112 нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертеміз! Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ", - дейді облыс әкімдігіндегілер. Журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Қорғаныс министрілгінің өкілі Арыс қаласының тұрғындарынан қоңыраулар толассыз келіп түсіп жатқанын жеткізді. "Жалпы бүгінгі таңға дейін 30 700 жарылғыш оқ дәрілердің бөлшектері табылған. Қазіргі уақытта осы табылған фрагменттер қаладан 60 шақырым тысқары орналасқан арнайы полигонға жеткізілген. Алдағы уақытта оның барлығы жойылады. Яғни адам өміріне қауіпті емес", - деді Бятов. Арысқа көмек: 100 мың теңге қандай тәртіппен берілетіні анықталды Айта кетейік, 17 сектор бойынша барлық үй жөнделіп жатыр.
05 шілде 2019 ж. 641 0