Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста радиация қаупі бар ма: Бас санитарлық дәрігер жауап берді

Арыста радиация қаупі бар ма: Бас санитарлық дәрігер жауап берді

Арыс қаласында суда және ауада радиацияның деңгейі қалыпты. Бұл туралы қаланың бас штабында шұғыл брифинг барысында ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, кешегі күннен бастап денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері радиациялық деңгейін тексеру үшін 518 критерий бойынша жылжымалы зертханада өлшеу жүргізді.
"Барлық өлшемдер рұқсат етілген нормаға сәйкес келеді. Ауыз су мәселесі күрделі және арнайы бақылауда. Қалалық сумен жабдықтау желісінің барлық автожолдары дезинфекцияланып, бүгінжұмыстарды аяқтаймыз", - деді республиканың бас дәрігері.
Сонымен қатар, брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев сөз сөйледі. Оның айтуынша, соңғы үш күн ішінде қаланың аумағын жарылғыш заттардан тазалап, алты мыңнан астам оқ-дәріні жою үшін тасымалданды.
Қаланы жалпы тазарту 65%-ға аяқталды және тұрғындар Арысқа оралу алдында жұмыс аяқталады. Бұдан басқа, 26-27 маусым түні Арыс станциясы арқылы теміржол қатынасының барлық бағыттары қалпына келтірілді.
Айта кетейік, Арыс тұрғындары 28 маусым күні үйлеріне жіберіледі.
Бұған дейін Шөкеев Шымкентте наразы халықпен кездесіп, мән-жайды түсіндірген еді. 
Шымкент қалалық әкімдігінің шенеунігі наразы халықты мешітке қарай шақырғанымен, жұрт оған бағынудан бас тартты. Шу көтерген тұрғындарға Шымкент әкімі ұрысып тастады.
28 маусым 2019 ж. 724 0