Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентті дамыту үшін 1,2 трлн теңге жұмсалмақ

Шымкентті дамыту үшін 1,2 трлн теңге жұмсалмақ

Бүгін, 9 шілдеде, өткен үкімет отырысы кезінде әкім Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейін Шымкентті дамытудың кешенді жоспарын таныстырды,

«Шаһарды 2023 жылға дейін кешенді дамыту жоспары Елбасымыздың 2019 жылдың 29 қыркүйегіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысты кеңесте берген тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бұл жоспар заңнамаға сай тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісіліп, 2019 жылдың 29 сәуірінде республикалық бюджеттік комиссия отырысында қолдау тапты», - деді әкім. 
Аталған жоспар 10 бағыт, 89 жобадан тұрады. Сондай-ақ, әкім оны құру кезінде бюджеттік жүктемені азайту үшін жеке инвестицияларға және мемлекеттік-жекешелік жобаларға басымдық берілгенін айтты. 
«Дәлірек айтсақ, кешенді жоспарды іске асыру үшін 1 трлн 284 млрд теңге қажет. Осының 836 млрд теңгесі, яғни 65 проценті жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Осы мақсатты бюджет есебінен 299 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 81 млрд теңге және 68 млрд теңге мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қамтылмақ», - деді әкім. 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін 30 жоба жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде, 2023 жылы ауыз сумен қамту 93-тен 98 процентке, кәріз жүйелері 49-дан 75 процентке, сапалы электр желісімен 91-ден 96 процентке, газбен қамту 92-ден 98 процентке жетеді. Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 11 жобаны жүзеге асырады. 
Үшінші мегаполис басшысының сөзіне қарағанда қалада бірнеше айналмалы жолдар, әуежайға жаңа терминал салынады. Ескі вокзал жөндеуден өтеді.
https://stan.kz
09 шілде 2019 ж. 585 0