Тоқаев Valmont Industries компаниясының бас директорын қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп саласына мамандандырылған компаниямен өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Cтив Каневски Valmont Industries компаниясының бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Америкалық кәсіпкер Қазақстан Орталық Азиядағы барлық мүдделі құрылымдарға кәсіпорынның қызметін ұсыну үшін көпір болатынына сенім білдірді.
https://kaz.tengrinews.kz