Эльмира Сұханбердиеваның ұлы қайтыс болды
БҒМ бұрынғы вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваның кіші ұлы қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы оқиға жайлы БҒМ басшысының бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова Facebook парақшасында хабарлады.
"Достар, мұндайды жазған да қиын екен. Эльмира Сұханбердиеваның кіші әрі ең сүйікті ұлы Ильяс қайтыс болды.
Өмірдегі ең ауыр нәрсе - жақынынан айырылу. Ал туған балаңның өлімін қабылдауға тіптен күш жетпейді. Кішкентай періштенің арты қайырлы болсын! Иманды болсын.Меіңше, біз адамның өмірінде қандай жағдай болмасын оған жылы жүзбен қарауымыз керек. Араңдатушылық жасауға болмайды. Мен бұл сөздерді ұялмастан фейк парақшалар ашып, өтірік ақпарат таратып жатқандарға арнаймын. Олар өз өтірігімен біріншіден адамның жақындарын, туыстарын жаралайды" , - деп жазды ол.Айта кетейік, бұрынғы білім және ғылым вице-министрі қызметтік міндеттерін асыра пайдаланғаны, пара алғаны мен кәсіпкерлікпен заңсыз түрде айналысқаны үшін айыпталып, екінші маусым күні тұтқындалған. Оны екі айға қамауға алды.
Ол процессуалды келісімге келіп, оның ісі жедел түрде сотқа өткен. Шенеунік сот алдында өз кінәсін мойындаған.
10 шілде күні Нұр-Сұлтанда Сұханбердиеваның ісіне қатысты сот үкімі шығып, оған алты миллион көлемінде айыппұл тағайындалды. Бұдан кейін, ол сот залынан босап шықты.
Шешуші сот отырысынан кейін, бұрынғы вице-министр Жоғарғы сотқа жүгінетінін айтқан болатын.
kaz.nur.kz