Мәулен Әшімбаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған.
Әр жылдар ішінде ол аға сарапшы, сектор меңгерушісі, президент әкімшілігінің талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Әшімбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығының басшысы болды.
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
2012 - 2016 жылдар аралығында Мәулен Әшімбаев парламент мәжілісінің V шақырылымының депутаты болды. 2016 жылдың наурызында VI шақырылымның төменгі палатасының мүшесі болды.