Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмарал Әлназарова Арал аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдады

Ақмарал Әлназарова Арал аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова Арал аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдап, өтініш тілектерін тыңдады.
Ең алдымен «Ұшқын» қоғамдық ұйымының өкілі Абзал Меңдияров екі қала тұрғынын ақылы қоғамдық жұмыспен қамтуды сұраған болатын және тиесілі сала басшысы өз кезегінде шешімін табатынын жеткізді. Одан кейін қала тұрғыны Лиза Жұмағалиева көппәтерлі үйіне жасалған жөндеуінің сапасыздығына шағымданып, Ақмарал Шәріпбайқызы тиесілі сала басшына нақты тапсырма жүктеп бір аптада кемшіліктерді жоюды тапсырды.Бұдан бөлек Тәжі-Палуан көшесінің шет аумағында тұратын бір топ азаматтар газ жүйесі жүргізілмегендігін, бас жоспарға енгізілмегіндігін жеткізген болатын, алайда тиесілі сала басшысы сметалық құжаттар дайындалып жатқандығы тек облыстан қаржы бөлінсе газ жүйесі жүргізілетіндігін білдірді.Одан әрі келген азаматтардың басым бөлігі тұрақты жұмыс, атаулы әлеуметтік көмек алуға, қоғамдық негізде жұмысқа орналастыруды сұрады. Бұл мәселелер бойынша төрағаның бірінші орынбасары мен тиесілі сала басшылары заңгерлік кеңес беріп, қазіргі таңда кәсіпкерлік мақсатта беріліп жатқан гранттарды пайдалануға, солтүстік облыстарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қоныс аударуға шақырды. Қоғамдық қабылдауға жалпы саны 21 азамат өз өтініштерін білдірді.

syr-media.kz​​​
02 тамыз 2019 ж. 822 0