Сыр өнерпаздары гастрольдік сапармен Өзбекстанға барады

Жергілікті шығармашылық ұжым Өзбекстанның астанасы мен оған жақын өңірлерде бұған дейін де бірнеше рет болған. Ал бұл жолы шалғай елді мекендерге қазақ диаспораларының шақыруымен барғалы отыр. Өнерпаздардың кәсіби деңгейінің жоғарылауына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін мұндай гастрольдік сапарлар географиясы соңғы жылдары кеңейе түскені рас. Былтырдың өзінде Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ән мен жырдан шашу шашып, көрермен көзайымына айналып үлгерді. Филармония басшысы өнердің өрістеп, рухани керуен көшінің алға жылжуында аймақ басшылығының қолдауы айрықша екенін атап өтті.