Қазақстандықтардың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді

Қазақстан президентінің азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы жарлығына сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кепілсіз тұтынушылық кредит алған қазақстандықтардың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді.
Сәлімбаевтың айтуынша, айыппұл мен өсімпұлы кешірілген азаматтардың саны 1 миллионнан асады.
"Айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы сомасы 30 миллиард теңгеден асады. Ұлттық банк осының 30 процентін, яғни 10 миллиард теңгесін өтейді. Қалғаны екінші деңгейлі банктердің есебінен жабылады. Барлық айыппұл мен өсімпұл кешірілді", - деді Сәлімбаев елордада өткен брифингте.
Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов 5 миллион қазақстандықтың айыппұлы мен өсімпұлы есептен шығарылатынын айтқан болатын. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы сомасы 48 миллиард теңгеге жуық деген еді ол.