Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада құрылыс саласы цифрландыруға көшті

Қызылордада құрылыс саласы цифрландыруға көшті

Қызылорда облысында құрылыс саласы цифрландыруға көшті. Бұл туралы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков мәлімдеді. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.

«TexStroi-Smart» жобасы облыс көлеміндегі техникалық қадағалау сарапшыларына оңтайлы болып отыр. Біріншіден, жоба қадағалау сарапшыларына Қызылорда қаласына келмей-ақ, ай сайынғы есептерін басқармаға кез келген жерден электронды түрде жолдауына мүмкіндік жасалса, екіншіден, басқарма қызметкерлерінің кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей қарым-қатынаста болу түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылды», - дейді Марат Мырзабеков.
Құрылыс саласына енген тағы бір жоба – «Halyq Monitoring». Мамандардың айтуынша, жоба мемлекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы барлық арнайы сайтта орналастыру арқылы оған халықтың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыстың сапасына қатысты тұрғындармен кері байланыс орнату жолымен орын алған бұзушылықтарды дер кезінде жоюға жағдай жасауды көздейді. Бұл өз кезегінде бақылау шараларының тиімділігін арттыруға, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына жол ашады.
Айта кетейік, басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметтің төртеуі электронды жүйе «Е-лицензия» порталына көшіріліп, тұрғындарға 299 қызмет көрсетілген. Оның 125-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 174-і лицензиялауға бағытталған.
https://baq.kz/news/othernews/yzylordada-rylys-salasy-tsifrlandyru-a-k-shti/
09 тамыз 2019 ж. 724 0