Аралда жаңа оқушылар үйінің іргетасы қаланды (ФОТО)

Мереке қарсаңында ардагер құрылысшы Жалеледин Әбішев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен және "Байс-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, сәулетші Ислам Жұбанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен соң аудан әкімі және аудан ардагерлері 250 орындық Оқушылар үйі ғимаратының іргетасын қалады. Өткен ғасырдың 40-жылдары салынған оқушылар үйінің көне ғимараты апатты жағдайда деп танылған болатын.
