Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "GGG" сериялы көлік нөмірі қанша тұрады?

"GGG" сериялы көлік нөмірі қанша тұрады?

Әлқисса, мақтанға салғанда бізге жететін ел жоқ сірә. Біз мадақтай аламыз, мақтауға тұрарлық тұлғаларды көкке көтере аламыз. Иә, қазіргі таңда көліктің мемлекеттік нөміріндегі сандардан бөлек қайталана тіркелген әріптер де сәнге айналғандай.
Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлап отыр. Жергілікті тұрғындар көліктеріне нөмір алу барысында қазір біркелкі саннан гөрі біркеокі әріптерге жүгінуде екен.
Алматылық автожүргіншілер арасында "GGG", "III", "JJJ" нөмірлері аса танымалдылық танытып келеді екен. Азаматтар бұл нөмірлерді қолына түсіру үшін 130 мың теңгеден астам қаржы жұмсап жатыр. Егер осыған қоса біркелкі сандарды алам десеңіз, сізге 3 жүз мыңнан 6 жүз мың теңгеге дейін қаржы жұмсауға тура келеді.
15 наурыз 2018 ж. 2 378 0