Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады

"Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы жолдауында саяси реформалар жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
  "Мен саяси трансформацияны іске асыруға уәде берген болатынмын. Біз оны мемлекет пен халықтың мүддесіне қарай біртіндеп атқарамыз. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, бірден әрі жүйесіз жасалған саяси либерализация ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соқтырады. Тіпті, мемлекеттілікті жоғалтып алу қаупі бар", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
  Президенттің айтуынша, саяси реформалар кезең-кезеңмен іске асырылады. Соның нәтижесінде халықты тыңдай білетін әрі еститін мемлекет құру қажет.
https://sputniknews.kz/politics/20190902/11416091/Memlekettilikti-zhogaltyp-aluymyz-mumkin-Toqaev-basty-qauipti-atady.html


02 қыркүйек 2019 ж. 574 0