Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй мен білім алуға: Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

Үй мен білім алуға: Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

   Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

  «Жыл соңына дейін үкіметке жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін, мысалы, тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында. 
   Сонымен қатар мемлекет басшысы 5% көлеміндегі зейнетақылық қосымша аударымдарды енгізуді кейінге қалдырды.
https://stan.kz/kazakstandiktarga-zeynetaki-zhinagin-paydalanuga-ryksat-berilui-mumkin-321418/
02 қыркүйек 2019 ж. 771 0