Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Бүгін аудандық орталық мешіт алаңында зиялы қауым өкілдері, құрметті азаматтар мен аудан ақсақалдары мешіт жамағаты және аудан жастарымен арнайы бас қосты.Мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген "Қош келдің әз Наурыз! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!" атты тақырыпты арқау еткен шарада ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында жарыс ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес, кір тасын көтеру сынды ойын түрлерінен сайысқа түсті. 
Арнайы жас ұрпаққа алдыңғы аға буын өкілдерінің өнегелі жолын үлгі етіп, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген шара барысында жеңімпаздарға сый сияпаттар жасалып, кубоктар мен дипломдар табысталды.



17 наурыз 2018 ж. 1 856 0