«Жануарлардың жұқпалы індеттерінің алдын алу маңызды»

Сонымен қатар, жұқпалы індеттердің диагностикасы да айтарлықтай тиімді нәтиже көрсетуде. Мәселен, диагностикалық жұмыстар барысында осы уақытқа дейін 5 бас мүйізді ірі қара малынан және 5 бас уақ малдан сарып індеті анықталды. Осы күнге дейін 5 бас мүйізді ірі қара мал санитариялық талаптарға сәйкес аудан орталығындағы мал сою алаңында сойылса, 5 бас уақ мал аудан көлемінде санитариялық өңдейтін кәсіпорын болмағандықтан, Арал аудандық ветеринария бөлімі Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан өңдеуші кәсіпорын «Түркістан» СТК ЖШС-мен мен меморандумға отырып, сол жерлерге уақ малдардың ұшалары өткізілді.
Адамзат баласына зардабы орасан сарып ауруының қатерлілігі – ауруға шалдыққандарға дер кезінде медициналық ем қолданылмаса мүгедектікке ұшырап, жартылай немесе толық жарымжан ететіндігін айта кету керек. Сондықтан-да, сарып індетімен күрестің стратегиясы да жаңаланып, жаңа бағыттар мен заман талабына сай іс-қимылдар енгізілді.
К.Жалимбетов,
ҚР АШМ ВБжҚК Арал аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы