АРАЛДЫҚ АНАЛАР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

Аталған шарада Шижаға ауылдық округі «Шижаға дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Қайберенова Айсұлу - «Үздік ауыл дәрігері», Қарақұм ауылдық округі «Нұржігіт» шаруа қожалығының төрайымы Дәулетбаева Валентина - «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы, Сексеуіл кенті кітапханасының меңгерушісі Білжанова Ақмарал - «Мәдениет саласының үздігі», жеке кәсіпкер Елешова Гүлзия - «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы», Сексеуіл кенті байланыс бөлімшесінің операторы Қалиева Несібелі -«Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері, «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жүгінісова Бақытжамал - «Үздік үкіметтік емес ұйым», Мергенсай елді мекені «Желкен» балабақшасының меңгерушісі, көп балалы ана Жолдасова Күлпаш - «Көпбалалы ана» номинациясымен марапатталды.