Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Черепной давлениенің алдын алу мен емдеу туралы дәрігер кеңесі

Черепной давлениенің алдын алу мен емдеу туралы дәрігер кеңесі

tolqyn.kz Бүгінде балалар арасында Балалар орталық  жүйке жүйесінің  перинатальдық зақымдалуы (Черепной давление) көп белең алып отыр. балалар невропатологы Нұржігіт Сералиевтің айтуынша қаралуға келген он баланың тоғызында аталған ауру белгілері байқалады екен. Біз дәрігерден аурудың себептері мен алдын-алу шаралары, алғашқы емдеу жолдары туралы сұрап білген едік.
Аурудің ең алғашқы себебі ол қоршаған ортаның қолайсыздығы. Экологиялық апат аймағында тұратындықтан өмірге келетін балалар құрсақта жақтан кезден-ақ түрлі келеңсіздіктерге тап болады. Жүктілік кезіндегі отбасыдағы атмосферадан бастап, тамақтануына дейін дұрыс болғанда ғана дені сау ұрпақ туылады. Әрине аурудын мұнан өзге де бірнеше себептері бар.
–Қазіргі таңда  жүйке жүйесінің перинатальды  зақымдалуын себептеріне және пайда болу механизміне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады. Жүктілік кезінде   диабет, инфекция, анемия және суегіздік, тұмаумен ауру сияқты созылмалы аурулармен ауырған жағдайда аталған ауру мүмкіндігі арта түседі. Және бұған қосы  босанукезінде механикалық зақымдануы болады. Бұдан басқа құрсақішілік даму  барысында зат алмасудың бұзылыстарының да әсері бар. Бұның себептері анасының  спирт ішімдіктерін қолдану, шылым тарту секілді зиянды әректтері болып табылады,- дейді Нұржігіт Сералиев
Аурудың бастапқы белгілері баланың бойынан бірден көрініп тұрады. Егер бала мазасызданып жиі жылайтын болса, жылаған кезде иегі мен қол-аяқтары бірілдесе және еріндері көгерсе, жиі құсатын болса, онда  балада орталық  жүйке жүйесінің  перинатальдықзақымдалуы болуы бек мүмкін. Мұндай жағдайда алғашқы  бір жарым айында баланы невропатолог дәрігерге әкелу керек.
–Біз алдымен баланың бас өлшемін қараймыз. Негізінен бала басының өлшемі 1 айдан бастап 6 айлығына дейін бір жарым сантиметрден аспауы керек. Сондай-ақ баланың еңбене де көреміз. Оның да өзінің қалыпты мөлшері болады. Бала өмірге келгенен бастап даму кезенің қалыпты жүруі аса маңызды. Егер баланың орталық жүйке жүйесінің перинатальдық зақымдануы белгілері байқалған жағдайда алғашқы емдеу процессін бастаймыз. Жеңіл түрінде бала толық ем қабылдайтын болса бір айдың ішінде ем өз нәтижесін бере бастайды. Өйткені жаңа туған баланың организмі енді қалыптасып келе жатқандықтан емді тез сіңіреді. Әрине аталған ауру өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді. Ауру күрделі болған жағдайдауақытылы қаралып ем алған балалар 1 жылда толықтай жазылады, - дейді дәрігер.
Мұндай науқаспен туылған балаларға жоғары күтім қажет. Оларды көп жылатуға, секіртіп, шайқауға болмайды. Мұндайда баланың миы бос болғандықтан ми жарақатын алуы мүмкін. Және дәрігерге уақытылы көрсетіп отыру керек. Дәрігердің айтуынша қазір аталған ауру балалар арасында жиі кездеседі. Бұның асты себебі – экология. Тіпті облыс бойынша өзге аудандармен салыстырғанда біздің аймақта мүгедек балалардың саны 60 пайызға көп көрінеді.
Дені сау ұрпақтың өмірге келуі ата-анаға тікелей байланысты. Әйел жүктілік кезеңнен бастап, бала өмірге келгенен кейін де оның әрбір қадамына жауаптылықпен қарайтын болса, емін уақытылы қабылдап отырса ауруды түбегейлі жоюға болады.
Назерке Маратқызы
24 қазан 2019 ж. 20 262 0