Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 13 қарашаға арналған ауа райы

13 қарашаға арналған ауа райы

  baq.kz 13 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, батыстың, солтүстік-батыстың кей жерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон шоғырының әсерінен күн райы ашық болады. Кей жерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыстың кей жерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, - дейді синоптиктер. 
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді. 
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал. 
Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. 
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
13 қараша 2019 ж. 539 0