Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 23 қазанға арналған ауа райы

23 қазанға арналған ауа райы

Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады baq.kz

Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ, солтүстікте төменнен соққан бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, төменнен соққан бұрқасын күтіледі, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Түнде Түркістан облысының кей жерінде 1 градус үсік күтіледі.
23 қазан 2019 ж. 691 0