Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 22 қарашаға арналған ауа райы

22 қарашаға арналған ауа райы

Жұмада антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады baq.kz

Тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан атмосфералық ағынның өтуімен кей жерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерінде - тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
22 қараша 2019 ж. 483 0