Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіде республиканың солтүстік, орталық және шығыс аумақтарында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады baq.kz"Қазгидромет" РМК.

Кей жерде қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, шығыста – жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі.
26 қараша 2019 ж. 435 0