Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 30 қаңтарға арналған ауа райы

30 қаңтарға арналған ауа райы

30 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды baq.kz

Тек солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуімен аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 
Маңғыстау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
30 қаңтар 2020 ж. 704 0