Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұма күніне арналған ауа райы

Жұма күніне арналған ауа райы

31 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды baq.kz.

Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі және жаяу бұрқасын сақталады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің жекелеген өңірлерінде тұман сақталады. 
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел және жаяу бұрқасын болжанады. 
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында желдің күші 18 м/с артатыны күтіледі.
31 қаңтар 2020 ж. 765 0