Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдарияда сең жүру қаупі бар – ТЖК

Сырдарияда сең жүру қаупі бар – ТЖК

Сырдарияда сең жүруі мүмкін. Себебі ақпан басталғалы өңірде күн жылы болып тұр. Синоптиктер алдағы күндері термометр көрсеткіші 10 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтуда, деп жазды baq.kz.

Сыр өзенінің Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы бөлігінде мұз қатпады. Тек Қазалы мен Аралда 5-20 см аралығында мұз бар. Шардара су қоймасынан дарияға секундына 400 текше метр су тасталып, оның 300-і Көксарай контрреттегішіне кетеді. Қалғаны 1274 шақырымды құрайтын өзен бойымен ағып теңізге құйылуда. Дарияда жырылып кету қаупі жоғары 56 учаске бар. 
Болуы мүмкін төтенше жағдайларға облыстың азаматтық қорғау күш-құралдары дайындық деңгейіне келтірілген. ТЖД жергілікті атқарушы органдардан күнделікті мониторинг жасап жатыр. Төтенше жағдай болса біздің қызметтердің бәрі дайын, - деді ТЖД басшысының орынбасары Саид Молдақараев.
05 ақпан 2020 ж. 874 0