Ертең бірнеше өңірде қатты ыстық болады

17 шілдеде түнде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 34-39 градус қатты ыстық, оңтүстікте 42 градус және өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау қаласында 40-42 градус ыстық болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық сақталады.
Түркістан облысының басым бөлігінде 17-18 шілде күндері күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қаласында 17-18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Түркістан қаласында күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысында алдағы 3 күнде 35-39 градус қатты ыстық болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында 17 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі және өте жоғары өрт қаупі сақталады.