Арал ауданы тұрғындарының назарына!
2021 жылдың 23 маусымы күні сағ: 11-00 ден бастап Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, Бақтыбай батыр көшесі № 58 үй ғимаратының І қабатында вакцина салу үшін арнайы жылжымалы екпе пункті орналастырылып, екпе салу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Осы короновирустың алдын алу және жою мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының белсенді шараларына қатысушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұмыс іздеуші есебінде тіркелушілер және қала тұрғындарын екпе алуға шақырамыз.
Сонымен қатар, қызмет алу барысында сақтық шараларын сақтауға байланысты «Ashyq» қосымшасы енгізілгендігін хабарлайды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі