Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан жастарының назарына!

Аудан жастарының назарына!

Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру туралы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы 27 тамызда № 141 Жарлығы жарық көрді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізілуде. Елімізде тиімді әрі кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылы бастамашы болған бағдарламалық құжат — «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өзін-өзі тіркеу орны Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Астана көшесі № 33 үйдің 1-қабатында өз жұмысын жүргізуде.

Кандидатқа қойылатын талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматы;
2. Құжаттар тапсыру сәтінде жасы 35-тен аспаған;
3. Жоғары білімі бар;
4. Еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

16 қыркүйек 2021 ж. 1 613 0